Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Кәсіпкер мен меморган арасындағы дауда тараптардың теңдігін қамтамасыз ету қажет - Қ.Тоқаев

2019 жылдың 24 мамыр 2019 14:08 657

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, ұлттық компаниялар мен отандық бизнес өкілдері қатысқан Ұлттық инвесторлар кеңесінде сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорданың Twitter-іне сілтеме жасап.

«Тәуелсіз сот - бұл инвесторлар мен кәсіпкерлер тарапынан елдің бизнес ахуалына сенімнің іргелі сенімі. Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы сот дауларында тараптардың теңдігін қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті жүйелі шара «кәсіпкердің адалдық презумпциясы» болуы тиістігіне назар аударды. Сонымен қатар бұл шара Салық және Кеден кодестеріне кіргізілгенін, енді оны басқа да салаларда қолдану қажеттігін атап өтті.

«Өңірлердегі бизнес-қоғамдастықтардың алдында бақылау-қадағалау органдарының есебі бірыңғай күнін жүргізу тәжірибесін енгізу қажет. Бұл заңнамадағы жаңашылдықтар түсіндірілетін, мемлекеттік органдар жұмысының басымдықтары айтылатын ашық диалог алаңы болады», - деді Қ.Тоқаев.

 

 

Жоғары қарай