Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Кәсіпкер ауыл мектебіне робот техникасы кабинетін сыйлады

2019 жылдың 31 қазан 2019 17:35

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық кәсіпкер ауылындағы орта мектепке IT-технология кабинетін толық жабдықтап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есіл ауданының Заречный ауылында «Заречный» ЖШС директоры Уәлихан Әріпов орта мектепке робот техникасы кабинетін сыйлады. Кәсіпкер «Nur Otan» партиясының мектептерде IT-технология кабинеттерін орнату жобасына қолдау білдіріп отыр. Кабинет құны 4 миллион теңге болатын қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен және жиһазбен жабдықталған.







«Кабинетке интерактивті тақта, 3D принтер, ноутбук және Arduino жиынтығы сатып алынды. Бұл меценат Уәлихан Әріповтың ауылдастары үшін жасап отырған алғашқы жақсылығы емес, бұған дейін де талай мәрте қайырымды істер атқарып халықтың алғысына бөленіп келеді. Сол себепті, мектеп ұжымы кәсіпкерге шынайы алғысын білдіреді», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.




Жоғары қарай