Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Кашмирде автокөлік аңғарға түсіп кетті: 9 адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды

2020 жылдың 23 ақпан 2020 12:12

КАШМИР. ҚазАқпарат – Кашмирде терең аңғарға автокөлік түсіп кетіп, тоғыз адам қаза тапты және бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хinhuanet-ке сілтеме жасап.

Полиция апаттың сенбі күні кешкісін Катуа ауданы Малхар шағын ауданында болғанын хабарлады. Қаза тапқандар арасында балалар мен әйелдер бар.

«Куәгерлер SUV деп аталатын көлік құралының ішінде 14 адамның болғанын және ол өте жоғары жылдамдықпен келе жатқанын айтты. Жүргізуші кенет бұрылған кезде көлік құралын басқара алмай, машина терең аңғарға түсіп кеткен», - деп хабарлайды полиция.


Раушан Қоңырбаева


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай