Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

KASE: Доллар бағасы арзандады

2019 жылдың 26 наурыз 2019 11:23

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 377,47 теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,57 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 377 теңге, ал ең жоғарысы - 377,95 теңге болған. Сауда көлемі 17,9 млн долларға жетті.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 378,04 теңгені, күндізгі сессияда 378,55 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 378,17 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 338,365 млн доллар.

Автор: Асхат Ахметбеков

Басты сөздер: Экономика,
Жоғары қарай