KASE: Доллар бағамы төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 383,02 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.
Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,99 теңгеге арзандады. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 382,7 теңге, ал ең жоғарысы 383,3 теңге болды. Сауда көлемі 127,67 млн долларға жетті.
Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы 384,01 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 111,535 млн доллар.