Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

KASE: Доллар бағамы төмендеді

2019 жылдың 21 ақпан 2019 11:12 1064

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 375,6 теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,14 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 375 теңге, ал ең жоғарысы - 376,1 теңге болған. Сауда көлемі 44,9 млн долларды құрады.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 375,74 теңгені, күндізгі сессияда 376,4 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 376,09 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 259,8 млн доллар.

 

 

Басты сөздер: Экономика, Қаржы,
Жоғары қарай