Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

KASE: Доллар бағамы тағы да төмендеді

2019 жылдың 13 наурыз 2019 11:42 427

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 377,69 теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,23 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 377,5 теңге, ал ең жоғарысы - 377,69  теңге болған. Сауда көлемі 38,311 млн долларға жетті.

Сейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 377,92 теңгені, күндізгі сессияда 378,03 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 377,99 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 96,373 млн доллар.

Еске сала кетейік, сейсенбі күні KASE-де АҚШ долларының бағамы 1,83 теңгеге - 379,75 теңгеден 377,92 теңгеге дейін төмендеген болатын.

 

 

 

 

Басты сөздер: Экономика, Қаржы, Қор рыногы,
Жоғары қарай