Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

KASE: Доллар бағамы арзандады

2019 жылдың 16 тамыз 2019 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 есебімен (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 1 долларға 386,82 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,29 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 386,7 теңге, ал ең жоғарысы – 387 теңге болды. Сауда көлемі 95,894 млн долларды құрады.

Бейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 387,11 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 105,187 млн доллар болды.


Асхат Ахметбеков

Басты сөздер: Қаржы, Экономика,
Жоғары қарай