Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

KASE: Доллар бағамы 1,3 теңгеге арзандады

2019 жылдың 14 тамыз 2019 19:42 73

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 есебімен (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 1 долларға 386,16 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 1,33 теңгеге төмендеген.

Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 385,7 теңге, ал ең жоғарысы – 386,45 теңге болды. Сауда көлемі 67,825 млн долларды құрады.

Сейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 387,49 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 113,55 млн доллар болды.

Асхат Ахметбеков

Басты сөздер: Экономика, Қаржы,
Жоғары қарай