Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Қаржы нарығын реттеу агенттігі бизнесті несиелеу деңгейін сақтап қалудың тетіктерін ұсынды

2020 жылдың 17 наурыз 2020 10:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда бизнесті несиелеу деңгейін сақтап қалудың тетіктерін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан бизнесін несиелеу деңгейінің азайып қалуына жол бермеуге бағытталған пруденциялық реттеудің уақытша шаралары осы жылдың 1 сәуірі мен 1 қазаны аралығында енгізіледі. Бұл реттеу шараларының контрциклдық сипаты бар. Олар банктердің капиталы мен өтімділігіне қысымды төмендетуге бағытталған. Ол үшін агенттік бизнесті қолдаудың мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жобаларды қаржыландырған кезде тұрақты кепілдер тізбесін кеңейтеді. Шағын және орта бизнестің мемлекеттік жеке-әріптестік несиелері және синдикатталған несиелер бойынша төмендетілген тәуекел саралауды енгізеді», - деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысында.

Агенттік төрағасының айтуынша Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қарыз бойынша төлемді кейінге шегеру – реттеушілік талаптары бойынша құнсыздану мен провизиялауды талап етпейді. Экономиканы кредиттеу үшін капиталды босату мөлшері 168 млрд теңгені құрайды.

«Банктердің өтімділігін сақтап, тұрақты қорландырылуын қолдау үшін өтімділігі жоғары деп танылатын активтер тізбесі кеңейтіледі. Сондай-ақ банктердің валюталық тәуекелдерін төмендету үшін ұзақ валюталық позиция лимиті және неттовалюталық позицияы лимиті, сондай-ақ қор және сақтандыру нарықтарының субъектілері үшін тәуекел саралау коэфиценттері төмендетіледі. Нормативті-құқықтық актілерге тиісті түзетулер дайындалды. Осы жылдың 30 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі», - деді ол.



Жоғары қарай