Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Қарызды заңсыз сызып тастаған ҚТЖ еншілес компаниясында тергеу басталды

2019 жылдың 4 сәуір 2019 19:06 761

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  «ҚТЖ ҰК» АҚ еншілес компаниясы - «KTZ Express» АҚ лауазымды тұлғаларының өз өкiлеттiктерiн терiс пайдалану фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оларға шетелдік компанияның 1 млрд теңге дебиторлық қарызын заңсыз есептен шығарды деген айып тағылды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл fгенттігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаменті «КТЖ ұлттық компаниясы» АҚ еншілес компаниясы - «KTZ Express» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар шетелдік компанияның 1 млрд теңге көлеміндегі дебиторлық қарызын заңсыз есептен шығару арқылы өкiлеттiктердi терiс пайдаланған. Бұл заңмен қорғалатын мемлекет мүддесіне елеулі залал келтірді», - деді Арман Бердалин елордада өткен брифингте.

Оның айтуынша, Ұлттық бюро департаментінің араласуынан кейін аталған сома қалпына келтірілген және «KTZ Express» АҚ (100% мемлекет үлесі) шотына дебиторлық қарыз ретінде аударылған.

Тергеу жұмыстары жалғасуда.

 

 

Жоғары қарай