Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қару алып қашып кеткен әскери қызметші ұсталды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 20:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметшіні іздеуге қатысты операция аяқталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы атыс қаруын ұрлап, әскери бөлімді тастап кетіп қалған 1995 жылғы Абылай Бағдатұлы Балғынбайды ұстады. Қаруды ұрлауға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.










Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласына таяу жердегі әскери бөлімнен кіші сержант А.Балғынбай бірнеше қару-жарақты алып қашып кеткені хабарланды. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Әуе күштеріне қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінде келісімшартпен қызмет ететін кіші сержант рота бойынша кезекшіліктен рұқсатсыз кетіп қалған.

ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Садановтың айтуынша, оны ұстауға ҚР Ішкі істер министрлігінің күштері жұмылдырылған болатын.








Жоғары қарай