Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Қарсыласы бас тартқан «Қазақ жауынгері» Мардан Берікбаевпен тең түсті

2018 жылдың 16 желтоқсан 2018 18:19 1006

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Қазақ жауынгері" атанып кеткен қытайда тұратын қандасымыз Елшат Нығметоллаұлы бүгін қарсыласының айқастан бас тартуына байланысты қазақстандық боксшымен қолғап түйістірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күтпеген жерден шаршы алаңға Елшат Нығметоллаұлына  қарсы қазақстандық боксшы, осыған дейін "Астана арландары" сапында жұдырықтасып жүрген Мардан Берікбаев қарсылас атанды.

Қос қазақ баласы арасындағы аса тартысты жекпе-жек қорытындысы тең нәтижемен аяқталды.  Төрешілер шешімі бойынша бірауыздан қос боксшы да жеңімпаз ретінде қалды.


null 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Елшат Нығметоллаұлының алғашқы қарсыласы атанады деген әзербайжандық боксшы Фарид Әлиев жекпе-жектен бас тартқаны туралы жазған болатынбыз.


null 

52 келі салмақ дәрежесінде WBC Asia чемпионы «Қазақ жауынгері» атанып кеткен Елшат Нығметоллаұлы 15 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске қол жеткізген.

Еске сала кетейік, кәсіби бокс кеші Qazaq Promoutions промоутерлік компаниясының бастамасымен Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатыр.

Фото: Мұхтар Қалимолла

 

 

Жоғары қарай