Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Кәрім Мәсімовтің жасанды интеллект жөніндегі кітабы шықты

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 21:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовтің жасанды интеллект жөніндегі кітабы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Следующий властелин мира. Искусственный интеллект» аты 27 қыркүйекте жарық көрген кітап «ЛитРес» электронды кітаптар сервисінде жарияланды.

«Жасанды интеллектінің таралуы артып келе жатқандықтан біз медицина, биоинженерия, робот техникасы, ғарышты игеру және қаруландыруда бұған дейін білмеген салалардың және серпінді инновациялардың пайда болуын айқындайтын жаңа дәуірдің куәгері болудамыз.

Автор рет-ретімен жасанды интеллекті дамуының негізгі кезеңдеріне толық шолу жасай отырып, ЖИ-ны қазіргі күнделікті өмірде қолданылуына көшеді, бірқатар елдердің жасанды интеллекті стратегиясының ұлттық ерекшеліктерін ұсынады», - делінген 210 беттен тұратын кітаптың сипаттамасында.

Автор Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Әдебиет, Интернет,
Жоғары қарай