Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

«Қарапайым заттар экономикасына» 600 млрд теңге бөлінді

2019 жылдың 23 тамыз 2019 22:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 600 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары аясында өткен «Индустриялық-инновациялық даму туралы» кеңесте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «Қарапайым заттар экономикасы қалай дамып жатқанын баяндады.

«Екі жылға арналған бағдарламаны іске асыру шеңберінде банктер тарапынан 62 млрд т еңгеге 150 жоба мақұлданды. Екінші деңгейдегі банктер мен Аграрлық несие корпорациясы 275 млрд теңгенің 210 жобасын қолға алмақшы. Бағдарламаға барлық қажетті өзгерістер енгізілді. Соңғы мөлшерлеме төмендетіліп, басым жобалардың тізбесі кеңейтілді. Аграрлық несие корпорациясы қаржыландыруға кірісті. Бөлінген 600 млрд теңгенің жыл соңына дейін игереміз. Ал қалғаны келесі жылы толық игеріледі», - деді Роман Скляр.

Аталған қаражаттың 100 млрд т еңгесі ауылшуаршылық өнімдері қайта өңдеуге, 100 млрд теңге өндірістегіі «қарапайым заттар» үлесін арттыруға, қалған 400 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтерге бағытталған.

Еске салсақ, бүгінПрезидент Қарағандыда еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өткізді.

Жоғары қарай