Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту қажет - Асқар Мамин

2019 жылдың 26 наурыз 2019 11:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұнай-газ және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау үшінші индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басым бағыттарының біріне айналуы қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің өсу қарқыны жоғары болып, 4,1 пайызды құрады. 100-ден аса жоба іске асырылды. 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды. 13 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Осыған орай келесі міндеттерді іске асыру қажет. Бірінші - машина жасау саласының даму қарқынын қамтамасыз ету. Мұнай-газ машина жасау саласы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы ірі мұнай-газ жобаларының ұлғаюының арқасында одан ары өсуіне үлкен әлеуеті бар екендігін атап өту керек. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға назар аудару қажет. Онда өндірістік кооперациялардың арқасында өсім күтіледі. Жалпы мұнай-газ және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау үшінші индустриялық-иннвациялық даму бағдарламасының басым бағыттарының біріне айналуы қажет. Осы бағытты дамыту үшін тисті шараларды ұйымдастыру қажет», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр екіншіден металлургия өнеркәсібінде, әсіресе, қара металлургия сегментінде 4,7 пайыз деңгейінде тұрақты өсімді қамтамасыз ету қажет екендігін айтты. Осы ретте «Арселор Миттал Теміртаудың» өсу қарқыны оң болғаны маңызды екендігіне назар аудартты.

«Үшінші, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту қажет. Бұл мақсатта Елбасы тапсырмасы бойынша 600 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлінеді. Өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларын және жобаларын анықтадық. Сондықтан нақты нәтижелерге жету қажет. Бұл импортты алмастыруға, халықты тиімді жұмыспен қамтуға қосымша серпін береді. Шикізаттың емес экспорт мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл бағытты қолдау үшін 500 млрд теңге мөлшерінде қаражат көзделген. Жаңа индустрияландру қазіргі заман міндеттеріне сай келуі керек», - деген Асқар Мамин бұл мәселелердің барлығына бақылауды орынбасары жеңіс Қасымбек жүргізетіндігін баса айтты.

Жоғары қарай