Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Қарағандының жас футболшылары Қазақстан чемпионы атанды

2019 жылдың 26 маусым 2019 07:41 611

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Облыстық «Жастар» олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Мұндай нәтижеге көп жылдан бері қол жеткізілмеген еді. Бұған дейін құрама тек республикалық біріншіліктердің жүлдегерлері атанған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасында жас футболшыларды жетістіктерімен құттықтады. Спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

«Футболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты Шымкентте 10-19 маусым аралығында өтті. Біріншілікке еліміздің 14 аймағынан 2007 жылы туған 288 футболшыдан құралған 16 команда қатысты. Біздің ойыншыларымыз қарқынды түрде жаттықты», - дейді «Жастар» спорт мектебінің басшысы Балғабай Нұрланов.


null 

Екінші орынды Алматы құрамасы, ал үшінші орынды Тараз құрамасы иеленді.

«Жеңіске жету өте қиын болды, барлық ойындар күрделі өтті. Өз тобымызда екінші орынды иелендік. Бірақ жартылай финалға өтіп, Тараздан келген команданы жеңдік. Ал финалда пенальтиден алматылықтарды жеңдік. Біздің команда барлық сынақтардан өте алды. Бірақ ешкім де қалыс қалған жоқ, барлығымыз жеңіске ұмтылдық. Чемпион атанғанымызға өте қуаныштымыз», - деп атап өтті команда жаттықтырушысы Виталий Карелин.

Оның айтуынша, табысқа жетуге тұрақты еңбек, жаттығу, тәртіп және қиындықтарды жеңуге ұмтылыс көмектеседі. Өткен жылы «Жастар» мектебінің тәрбиеленушілері «Локобол - РТЖ 2018» халықаралық турнирінде үздік атанды.



null 

 

 

Жоғары қарай