Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Қарағандының су қоймасына тұқы балығының 180 мың шабағы жіберіледі

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 13:20

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының Фёдоров су қоймасында балықтың саны көбейтіледі. Бұл биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында жасалатын шара, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күзде қала шетінде орналасқан су қоймасына тұқы балығының 180 мың шабағы жіберілмек. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.
«Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша, Федоров су қоймасындағы жұмыстарды «Қарағанды балық питомнигі» ЖШС жүргізеді. Шабақтарды су қоймасына плюс 5-10 градус температура болғанда жіберу ұсынылуда. Күн салқындай бастағанда жас құртшабақтар нығая түседі, ал қыста мұзға шығады», - деп хабарлады Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Төлепбаев. Сонымен қатар, облыстың су қоймаларын паспорттау үшін ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарланған. Мұны қазақстандық өнеркәсіпті қолдау институтының мамандары жасайды. Өңірде балық аулауға жарамды барлық су қоймалары есепке алынады. Алдын ала есептеулер бойынша, олардың саны - 47. Басқарма басшысының айтуынша, алдағы бес жыл ішінде олардың барлығы балықпен толтырылатын болады.


Жоғары қарай