Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қарағандылықтар: Жүргізуші куәлігін ХҚО-дан алу қолайсыз

2019 жылдың 2 тамыз 2019 23:16 140

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы шалғай аудандардың тұрғындары жүргізуші куәлігін алу жүйесіне енгізілген жаңа ережелер қолайсыздық тудырып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір олар тәжірибелік емтихан тапсыру үшін Қарағанды қаласына баруға мәжбүр. Атап айтсақ, Ұлытау, Жезқазған, Приозерск пен Балхаш қаласының тұрғындары облыс орталығына жету үшін 400-ден 600 шақырымға жуық жолды еңсеруі қажет. Бұрын бұл емтихандар жергілікті тіркеу бөлімінде тапсырылатын. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап өңір бойынша емтихан қабылдайтын 8 полиция бөлімі жабылды. Қазір жүргізушілер облыс орталығында орналасқан жалғыз Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына баруға мәжбүр. Онымен қоса, 2012 жылы салынған автодром құрылғылардың ескіруіне байланысты 1 шілдеден бастап күрделі жөндеу жұмыстарына жабылған.

«Қарағанды қаласына келіп теориялық және практикалық емтихандар тапсыруларына тура келіп отыр. Өйткені ол жақтарда автодромдар қарастырылмаған. Әрине, Қарағанды облысының аумағы үлкен болғандықтан, алыстан ат терлетіп келетін халықтың наразылығын тудырады. Қазір бұл сұрақ орталық аппаратта талқыланып жатыр. Жақын уақытта жүргізушілердің жергілікті жерде емтихан тапсыру мәселесі шешіледі деген үміттеміз», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ ҚОФ директорының орынбасары Гүлмира Сүлейменова.


Басты сөздер: Аймақ, Қоғам, Қарағанды облысы,
Жоғары қарай