Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 361.15
EUR 414.71
RUB 5.53
CNY 52.07

Қарағандылықтар Денис Тенді еске алып, аспанға ақ шар ұшырды

2018 жылдың 21 шілде 2018 00:45 736

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда  Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайының алаңында Денис Тенді еске алуға арналған қаралы акция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүздеген қарағандылық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына тағзым ету үшін жиналды. Жиналған жұртшылық шам жағып, спортшының портретінің алдына гүл шоқтарын қойды. Қаза табушыны бір минут үнсіздікпен еске алды.




Оны еске алу үшін аспанға ақ және қара түсті әуе шарлары ұшырылды. Қара түсті шарлар аза тұтуды білдірсе, ақ шарлар жас мәнерлеп сырғанаушының жарқын бейнесі ретінде ұшырылды.





Жоғары қарай