Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қарағандылықтар «Азия балалары» қысқы ойындарының жүлдегері атанды

2019 жылдың 18 ақпан 2019 22:07

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылықтар «Азия балалары» Халықаралық қысқы ойындардың жүлдегері атанды. Олар шорт-тректе «алтын» және биатлонда «күміс» жүлде еншіледі, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

«Азия балалары» Халықаралық қысқы ойындар Оңтүстік Сахалинде өтті. Сайысқа Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркіменстан, Непал, Корей Республикасы, Таиланд, Гонконг, Иордания, Тәжікстан, Филиппин, Жапония, Ауғанстан, Қырғызстан, Үндістан, БАӘ, Кувейт, Сирия, Армения және Ресей елдерінен 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысты.

Жарыстар спорттың 8 түрі бойынша өтті: мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, сноуборд, биатлон, шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру және хоккей. Бұл спорт түрлерінің әрқайсысы бойынша Қазақстандық құрама өкілдері қатысты.
Қарағанды облысы атынан командаға екі спортшы енді: Дамир Құрманов (шорт-трек) және Данил Аношкин (биатлон).

Дамир Құрманов команда құрамында 3000 метр қашықтықтағы эстафетада алтын медаль иеленді. Ал Даниил Аношкин 2 х 6 шақырым эстафетасында «күміс» жүлдегер атанды.

Екі спортшы да Ә. Молдағұлова атындағы спорттағы дарында балалар облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушілері.
«Азия балалары» Халықаралық қысқы ойындарда Қазақстан құрамасы барлығы 20 медаль олжалап, алтыншы жалпы командалық орынды иеленді.




null

Басты сөздер: Спорт, Қарағанды облысы,
Жоғары қарай