Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Қарағандылық вокзал күрделі жөндеуден соң қандай болады

2019 жылдың 25 сәуір 2019 20:22

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды теміржол вокзалы қайта жаңартылып, жолаушылар үшін анағұрлым ыңғайлы және қауіпсіз болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басты өзгеріс вокзалдың аумағына қатысты болмақ. Ғимаратты кеңейту үшін оның жанынан қосымша нысаны салынып жатыр. Вокзалдың үш қабатты жаңа қанатында кассалар, күту залдары, медпункт, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған демалыс бөлмесі, ана мен бала бөлмесі, фудкорттар мен сауда дүңгіршектері орналасады.

Жолаушылар перронға жерүсті өткелдері арқылы кіре алады. Перрондар шатырмен жабылады. Конкорсты өткел вокзал ғимаратынан екінші, үшінші, төртінші және бесінші жолға өтетін болады. Оны жылыту жүйесімен және заманауи эскалаторлармен жабдықтайды.

Жаңартылған вокзал мүмкіндігі шектеулі адамдарға да ыңғайлы және қолжетімді болады. Ғимаратта табалдырықтар болмайды, кеңейтілген лифтілер мен жеке дәретханалар қарастырылған. Жер үсті өткелдерінде арнайы лифт орнатылады.



null

Қалыпқа келтіру бойынша ауқымды жұмыстар вокзалдың дәстүрлі сәулет стилін өзгертпейді. Оны ақшыл таспен қаптап, бағаналар мен сәндік элементтер орнатылады. Ғимараттың ішін безендіріп тұрған барельефтер қалпына келтіріліп, қайтадан орнатылады.

Қайта жөндеуден кейін вокзал тәулігіне 8 000 жолаушыны қабылдай алады. Бір мезгілде онда 2 300 адамға дейін орналаса алады. Күту залындағы орын саны 250-ден 670-ке дейін артады.

Қарағандыда теміржол вокзалының ғимараты 1956 жылы салынған. Оның жалпы ауданы 2 796.8 шаршы метрді құрайды. Тәулігіне вокзалға шамамен 2 000 адам барады. Соңғы рет ғимарат 2008 жылы күрделі жөндеуден өткен.



null

Ауқымды қалыпқа келтіру 2018 жылдың тамыз айында басталды. Жөндеу жұмыстары 2019 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жоғары қарай