Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қарағандылық дизайнер көмірден әшекейлер жасайды

2019 жылдың 7 сәуір 2019 23:25

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық дизайнер өзі құрастырған бірегей технология бойынша көмірден ерекше сәндік бұйымдар жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің әшекейлеріме негізінен, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінен тапсырыс береді. Немесе шетелге баратын жерлестеріміз сатып алады. Олар әзірлеген бұйымдарымды кәдесый түрінде және Қарағандының бір бөлшегі ретінде алып кетеді», - дейді Ольга Целлер.




null
Қарағандылық дизайнердің мамандығы - экономист. Бірақ бес жыл бұрын әшекей жасауға әуестене бастаған. Ол көмірден сырға, мойыналқа және білезік жасайды. Дизайнердің айтуынша, көмір көптеген тастармен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл және арзан. Дегенмен, қара агат секілді әдемі көрінеді. Және беріктігі бойынша ол асыл тастардан кем емес. Алайда, Ольга әшекейлердің берік болуына бірден қол жеткізбеген екен.




null




null

«Екі жыл бұрын олар әйнек сияқты болды. Құлап немес оны бір нәрсемен ұрса, бірден үгітіліп қалатын. Мен оларға тіпті саңылау жасай алмайтынмын. Бастапқыда оларға фурнитураны шайырмен жабыстырдым. Ал қазір жаңа технологияны әзірледім, дәлірек айтқанда - жетілдірдім. Соның арқасында өнімдерім әлдеқайда мықтырақ бола түсті. Осының барлығына қол жеткізуге жұбайым көмектескенін айтқым келеді. Ол маған көмірдің қасиетін түсіндіріп берді және оны қалай берік ету керектігін көрсетті», - дейді Ольга.




null
Өз әшекейлері үшін дизайнер антрацит көмірін таңдайды. Оның түсі қою қара әрі жылтыр болып келеді. Кейбір өнімдерде Ольга көмірдің бұл түрін кішкентай қара гауһар тастар ретінде пайдаланады.

Қол өнер шебері бір әшекей жасау үшін 10 күн жұмсайды. Негізгі уақыт, яғни бір апта, көмірді дайындауға кетеді. Сондай-ақ әшекейдің көлемі мен күрделілігіне байланысты болады.




null
Ольга Целлер Қарағандының «Ең үздік дизайнер» ашық қалалық байқауында үздік деп танылды. Қазылар алқасы кеншілер қаласының колоритін бейнелейтін топтамаға жоғары баға берді.

Қазір ол Мәскеуде өтетін көрсетілім үшін топтама дайындауда. Сондай-ақ, Алтайда өтетін «Солнечный олень» байқауына қатысуға грант ұтып алған. Онда қазақстандық дизайнер этноүлгіде орындалған бұйымдар топтамасын ұсынбақ.




null

Жоғары қарай