Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Қарағандылық дизайнер көмірден әшекейлер жасады

2019 жылдың 26 наурыз 2019 17:40

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Дизайнер Ольга Целлер Қарағандыда өндірілген көмірден жасаған әшекейлерін Мәскеуде өтетін байқауда көпшілік назарына ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда «Үздік дизайнер» атты ашық халықаралық байқау өтті. Байқауда Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген дизайнерлер өздерінің киім-кешектері мен әшекейлерін ұсынды.

Байқау ұлттық костюмдерді көрсетумен ашылды. Одан әрі дизайнерлер этно-және эко-стильдегі топтамаларды ұсынды. Маусымның тренді киізден және табиғи жібектен жасалған бұйымдар болды. Қазіргі сән образдардың әртүрлілігімен таңғалдырды.

«Осы жылғы байқау жаңа бағытта өтті. Бізге басқа қалалар мен елдерден дизайнерлер келді. Fashion индустриясы көп ілгерлеп кетті», - дейді жобаның бастамашысы Ирина Нечаева.


null

Қарағандылық Ольга Целлер әшекей дизайнында үздік деп танылды. Қазылар алқасы кеншілер қаласының ерекшелігін бейнелейтін топтаманы жоғары бағалады. Шебер өз әшекейлерінде көмір мен табиғи гүлдер қолданған.

«Негізі мамандығым экономист. Төрт жылдан бері дизайн саласында жұмыс жасаудамын. Барлығы хоббиден басталды. Мен өзіме және құрбыларыма арналған аксессуарлар жасадым. Содан кейін қара шайыр үстіне табиғи гүлдерден әшекей жасау технологиясын меңгердім. Хоббиім кәсібіме айналды», - дейді дизайнер Ольга Целлер.

Жоғары қарай