Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Қарағандылық директор пара алғаны үшін 6,8 млн теңге айыппұл төлейді

2019 жылдың 12 шілде 2019 14:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының Қарағанды транспорттық оқу орталығының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық директоры тыңдаушыларды сабақтан босатып, оқу демалысын бергені үшін топ старостасы арқылы жүйелі түрде пара алып келген.

«11 шілде күні Октябрь аудандық сотының үкімімен Д. Қарамышевке пара алғаны үшін 6,8 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, Т.Демесінов пара бергені үшін, ал Д. Баулбеков парақорлыққа делдал болғаны үшін айыпталды», - делінген баспасөз мәліметінде.

Агенттіктің хабарлауынша, аталмыш айыппұл сот үкімнің заңды күшіне енген күнінен бастап бір ай ішінде төленуі тиіс. Төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыру шарасына ауыстырылуы мүмкін. Бұл істе айыпты деп танылған тұлғалардың бәрі да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған.

Жоғары қарай