Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Қарағандыдағы кісі өлімі: Күдікті Ресейге қалай өтіп кетті

2019 жылдың 8 қаңтар 2019 16:50 1760

АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағанды мейрамханасындағы кісі өліміне күдіктінің Ресейге қашуының мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Іздеу жарияланған адамға тоқталсақ, ол Павлодар облысындағы бекет арқылы Ресей аумағына шекара асып кетті. Бұл мәліметті біз жедел-тергеу шараларын өткізу барысында анықтадық. Ол шекараны 1 қаңтар күні сағат 22:00-ден кейін кесіп өткен»,  - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол қосымша деректерді анықтау үшін Қазақстандық тергеушілер Ресей мен Арменияға бағытталғанын еске салды.

«Осы елдердегі әріптестермен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтап жатырмыз. Оның (күдікті) мәлімдемесі Қазақстанға оралуына ықпал етеді деп ойлаймын», - деді Ж. Сүлейменов.

Сонымен қатар ол «Ежелгі Рим» мейрамханасындағы төбелес тұрмыстық сипаттағы жанжал екенін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағандыдағы кісі өліміне қатысты күдікті Гурурянға өз еркімен берілуге кеңес берді.

Еске сала кетейік, ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев Қарағандыдағы төбелестің себебін айтты.

 

 

 

Жоғары қарай