Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 377.86
EUR 418.74
RUB 6.10
CNY 54.50

Қарағандыда жолаушылар автобустары жаңартылады

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 20:44

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қарағанды қаласының автопарктері 105 жаңа автобус сатып алды. Олардың барлығында едендері төмен және арбаға ыңғайлы болу үшін жабдықталған. Бірақ жолаушылар тасымалы мәселесін шешу үшін тағы кеншілер шаһарына 865 автобусты жаңарту қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көліктің тозуы басты проблемалы тақырыптардың бірі болып қалып отыр. Бүгін облыстық мәслихат сессиясында жолаушылар көлігінің жағдайы мен даму мәселелері айтылды.

«Бүгінгі басты міндеттердің бірі – тозған автобустарды жаңасына толықтай ауыстыру. Бұл жұмысты алдағы екі-үш жылда аяқтауымыз керек. Бұдан басқа, қалалар мен аудандар әкімдері үшін басым міндет - тұрақты ауданішілік және кентаралық көлік қатынасын ретке келтіру. Сондай-ақ таяудағы жылдары вокзалы жоқ ірі елді мекендерде олардың құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз», - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов.

Биыл «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Атасу және Ақтоғай кенттерінде автостанциялар ашылды. Ақсу-Аюлы және Жәйрем кенттерінде жолаушыларға қызмет көрсету пункттері ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, қазір облыс орталығында қоғамдық көлікте электрондық төлем жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Кейін ол Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Саран және Сәтбаев қалаларында енгізіледі.

фото: ekaraganda.kz
Жоғары қарай