Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Қарағандыда жас жол қозғалысы инспекторларының слеті өтіп жатыр

2019 жылдың 20 тамыз 2019 07:42

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық облыстарынан және Ресей, Қырғызстан, Беларусь елдерінен жиналған командалар 19-шы жас жол қозғалысы инспекторларының слетына қатысуда. Бұл туралы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, шараға қатысушылар «Реттеуші», «Саптық байқау», «Жол жүру ережелерін білу», «Агитбригада» сияқты бірнеше тур бойынша өзара бақ сынасады. Сонымен қатар республикалық байқауға балаларды алып келген полиция қызметкерлері «Жол жүру ережесін білу», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Үздік насихаттаушы» байқаулары бойынша бақ сынасса, ұстаздар қауымы «Ашық үзіліс» байқауы бойынша сайысқа түседі.

Слет бағдарламасы бойынша ұстаздармен полиция қызметкерлеріне бірнеше тренингтермен оқу семинарлары өткізіледі. Сонымен қатар барлық қатысушыларға қаланың көрікті жерлерімен қоса, Карлаг, Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президен мұражайларына саяхат жасалады.

Республикалық Слет ҚР Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 25-ші тамызға дейінгі аралықта өтеді.

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Білім, Заң,
Жоғары қарай