Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қарағандыда Ұлттық ұлан сарбазы суицидке барған қызды құтқарды

2019 жылдың 4 қазан 2019 23:00

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда әскери қызметші асылып өлмекші болған қызды құтқарды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орталық» Өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының маманы, қатардағы жауынгер Мақсат Жақыпбеков 3 қазан күні кешкі сағат 18:50 шамасында қызметтен қайтып келе жатып, көпқабатты өз үйінің кіреберісі алдында тұрған қызды көрген.

«Есікті ашқаннан кейін қыз бірден үйдің кіреберісіне жүгіріп кірген. Баспалдақпен көтеріле бере, Мақсат Жақыпбеков қыздың айқайлаған дауысын естиді. Әлгіндегі қыз баспалдақ алаңына шығып, одан көмек сұраған. Әскери қызметші мән-жайды сұрағанда, ол құрбысының жуынатын бөлмеде асылып қалғанын жеткізген. Әскери қызметші ойланбастан пәтерге жүгіріп кіріп, пышақ алып, арқанды кескен. Қызды асулы тұрған жібінен босатып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел медициналық жәрдем шақыртқан. Қазіргі уақытта қыз Қарағанды қаласының облыстық медицина орталығының жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген таратылған ақпаратта.

Жоғары қарай