Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Қарағандыда түлектер саябағы ашылады

2019 жылдың 4 сәуір 2019 19:49 865

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық түлектер мектеп бітіру құрметіне туған қаласы мен ауылдарында ағаш отырғызады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанты Карина Байсейітова аймақ басшысы Ерлан Қошановқа «Өз ағашыңды отырғыз» жобасы туралы баяндады. Академияның барлық түлектері аталмыш жоба аясында өздерінің атаулы ағашын отырғызған. Карина 1984 жылы осы акция кезінде жасалған фотосуретті де көрсетті.

«Әрбір қарағандылық қаланы көгалдандыруға өз үлесін қоссын. Мұндай іс - шараға барлық оқу орындарын тарту керек. Әрбір студент таза, жайлы және әсем Қарағандыны құруға шағын қадам жасай алады. Біз жоғары оқу орындары мен колледждер арасында челледжді іске қосуды ұсынамыз. Жастар келесі шарттарды орындаулары тиіс: ағаш отырғызып, оны суретке түсіру және инстаграм парақшасына #посадисвоедеревокараганда хештегімен орналастыруы тиіс. Сонымен қатар, эстафетаны достарына беруі шарт», - деді Карина Байсейітова.

Карина сондай-ақ, ІІМ Қарағанды академиясының 50 жылдық мерейтойына орай курсанттар мен түлектер 20 шырша отырғызғанын айтты.

Облыс әкімі бұл бастаманы қолдады.

«Жыл сайынғы игі дәстүрге айналатынына сенімдімін. Мен қала және аудан әкімдеріне түлектер паркін ұйымдастыру және онда ағаш отырғызу үшін жағдай жасау үшін учаске бөлуді тапсырамын. Бюджетте көгалдандыруға ақша қарастырылған», - деп жауап берді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы көшеттерді отырғызу жеткіліксіз екенін еске салды.

«Оларға күтім жасап, суғару керек. Сондықтан ағаш отырғызсаңыз, онда оған барып, күтіп-баптап отырған жөн», - деді Ерлан Қошанов. 

 

 

Жоғары қарай