Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Қарағандыда полиция ардагерінің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

2019 жылдың 18 маусым 2019 15:16 662

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда милиция полковнигі Досбек Адамбековтың құрметіне ІІБ ардагері тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды қаласының Степной-3 ықшам ауданы №3 үйінің қабырғасына орнатылған мемориалды тақтаның ашылу салтанатына облыстық ПД басшылығы, әкімдік өкілдері, ІІО арагерлері және Адамбековтер отбасы қатысты.

Мемориалдық тақтаны салтанатты түрде ашу құрметі Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровке және Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ерлан Файзуллинге ұсынылды.

«Бүгін - Қарағанды қаласының барлық полиция қызметкерлері үшін ерекше күн. Біз ауған соғысының, ішкі істер органдарының ардагері, милиция полковнигі Досбек Көпбайұлы Адамбековке  құрмет көрсетіп, салтанатты түрде мемориалдық тақта ашып отырмыз», - деп атап өтті облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Досбек Көпбайұлы өзінің еңбек жолын 15 жасында бастаған. Кеңес әскері қатарында қызмет етіп, 1962 жылы ішкі істер органдарына жұмысқа орналасқан. Қатардағы милиционер лауазымынан бастап көптеген құрмет пен атаққа ие болып, сүйікті ісіне 32 жылын арнады.


Досбек Көпбайұлының кәсіби шеберлігін ІІМ басшылығы жоғары бағалаған. Ол Маңғышлақ және Гурьев облысы, Жезқазған қаласының ІІБ бастығының орынбасары, Саран қаласының ІІО және Қарағанды қаласының ІІБ бастығы лауазымдарында еңбек еткен. Сонымен қатар, «Мінсіз қызметі үшін», «ІІМ үздік қызметі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары мен «Милиция үздігі» секілді марапаттардың иегері.


Досбек Адамбеков КСРО ІІМ кеңесшісі болған. Ауғанстанда қызмет атқару барысында «Жұлдыз» ордені, «Ауғанстанның разы халқынан» және «Жауынгер-интернационалист» медальдарымен марапатталған.


Досбек Көпбайұлы зейнеткерлікке 1994 жылы шыққан.

Салтанатты жиын барысында ардагердің туыстарының атынан ағасы Ермекбай Адамбеков пен немересі Рустам Адамбеков алғыс білдірді.







Жоғары қарай