Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

Қарағандыда кепілге алынған қызды құтқаруға көмектескен имам марапатталды

2019 жылдың 23 сәуір 2019 18:23 773

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласы орталық мешітінің имамы Өмірзақ Бекқожаға тұтқынға алынған баланы құтқарғаны үшін ІІМ белгісі бар қолсағат табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қарағанды облысының полиция департаментінде ведомствоның жедел-қызметтік жұмысының қорытындысын шығару бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Жиын барысында Қарағанды облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Файзуллин Орталық мешіт имамы Өмірзақ Бекқожаны салтанатты түрде марапаттап, басшылықтың атынан шұғыл жағдайда тұтқынды құтқаруда жоғары азаматтық ұстанымын танытып, полицейлерге көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

null 

Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуір күні 34 жастағы қала тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін туыстарын пәтерден қуып шығып, кішкентай қызын кепілге алған болатын. Полицейлер қауіпсіздік үшін қаланың барлық шұғыл қызметін жұмылдырды. ПД басшылығы кепілге алынған бүлдіршінді құтқару үшін шұғыл операция жүргізді. Ұзақмерзімді келіссөз барысында арнайы бөлімшенің полицейлері имамның көмегімен қаланың орталық мешітінде қылмыскерді залалсыздандырып, тұтқынға алынған баланы құтқарды. Операция кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Айта кету керек, өткен жылы қоғамдағы келеңсіздіктерге немқұрайлы қарамайтын азаматтардың көмегімен 31 қылмыс ашылып, 480-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Полиция департаментінің басшылығы 35 азаматты грамотамен марапаттаған.

 

 

Жоғары қарай