Ауа райы
Нұр-Сұлтан 9 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қарағандыда Қаныш Сәтпаевтың 120 жылдығын аталып өтуде

2019 жылдың 12 сәуір 2019 22:34 883

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына орайластырылған мерейтойлық шаралар басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 сәуірде Қарағанды ғалымдары мен қоғам қайраткерлері Кеңес Одағының металлогениялық ғылымының негізін қалаушылардың бірі, ұлы геолог Қаныш Сәтбаевты еске алды. Қарағандыда ғалымның ескерткіші жанында митинг өтті. Шараға Қаныш Имантайұлының жерлестері қатысты.

Митингке қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жиналған қауым қазақ халқының ұлы тұлғасының еңбегі, өмірі туралы сөз қозғады. Сондай-ақ Сәтбаев қаласына арналған өлеңдер оқылды.

«Қаныш Сәтбаевтың мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу керек. Ол - жер қойнауының құпиясын ашқан керемет ғалым, ұлы геолог. Оның өмірлік жолы - Отанға шексіз қызмет етудің үлгісі. Қуғынға және қудалауға қарамастан ол өз ісіне, ғылымына адал болып қала берді, - деп атап өтті ғалым, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Арстан Ғазалиев.

Жиналғандар Сәтбаевтың Үлкен Жезқазған үшін күресін еске алді. Осындай тарихи оқиғалардың бірі Қаныш Сәтпаевтың 1947 жылы Англияда Уинстон Черчильмен кездесуі кезінде болған екен. Черчилль КСРО Жоғарғы Кеңесі делегациясының арасынан ұзын бойлы қазақты байқап, «Барлық қазақтар осындай бойшаң ба?» деп сұрағанында ол: «Қазақтардың арасында, бәлкім, мең ең кішкентайы болармын. Менің халқым менен де биік», - деп жауап берген екен.

Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында ұлы қайраткердің 120 жылдығы кеңінен тойлануда. Бүгін мұнда кеншілер алаңындағы ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Кеншілер Даңқ алаңында ағаштар отырғызды. Ш. Ділдебаева атындағы кеншілер сарайында тау-кен ісі бойынша жылжымалы көрме ашылды. Ол жерде Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы қысқа метражды фильм көрсетілді.

Бағдарлама ашық қалалық сахнада өтетін үлкен концертпен жалғасады. Сондай-ақ мерекелік күнге ауқымды жарыстар орайластырылған. 14 сәуір күні Сәтбаев қаласында 400-ден астам адамның қатысуымен веломарафон, ал 27-30 сәуірде дзюдодан халықаралық турнир өтеді.

Қаныш Сәтбаев ( 1899-1964) - ғалым-геолог, қоғам қайраткері, ойшыл, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА бірінші президенті, КСРО ҒА академигі, ҚазКСР ҒА академигі.

1899 жылы 12 сәуірде Семей облысының Павлодар уезінде дүниеге келген (қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданының Теңдік кенті). 1926 жылы Қ. Сәтпаев Томск технологиялық институтын бітіріп, тау-кен инженер-геологы дипломын алған алғашқы қазақ болды. Осыдан кейін халық шаруашылығы Орталық кеңесінің қарауына жіберілді.

Мемлекеттік (1942) және Ленин (1958) сыйлықтарының лауреаты.

Қ. Сәтпаев Ұлытау-Жезқазған мыс кен орнын ашты.

Оның есімімен Қарағанды облысындағы қала, ҚР Ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институты, Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты, Қазақстанның қалалары мен кенттеріндегі көшелер мен оқу орындары аталды. Атақты ғалымның есімі Жоңғар Алатауының Тельц, мұздақ және тау шыңдары шоқжұлдызындағы кіші ғаламшардың атауында мәңгіге сақталған. Сәтбаев минералы, "Академик Сәтпаев" гладиолус сорты, оның атындағы астероид бар.

Қ. Сәтпаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ҚР Ұлттық Банкі 20 теңге номиналды естелік монета шығарды.

Томскіде геологтар аллеясында Қ. Сәтбаевтың бюсті орнатылған.

 

 

Жоғары қарай