Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Қарағандыда ер адамның мәйіті табылды

2019 жылдың 7 тамыз 2019 20:07

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында тәртіп сақшылары 29 жасар жігіттің өлі денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 4 тамызында Молоков көшесіндегі жер үйлердің бірінің сарайында дене жарақаты белгілері бар 29 жастағы азаматтың мәйіті табылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99 бабы 1 тармағы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция және учаскелік полиция инспекторларымен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы бұрын сотталған азамат анықталған. Тергеу барысында ол жәбірленушімен өзара ішімдік ішу барысында оған дене жарақаттарын салғандығын мойындаған.

Жоғары қарай