Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Қарағандыда «Батыс» көмір аумағында өрт ошағы ауыздықталды

2019 жылдың 24 тамыз 2019 16:17

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта «Шұбаркөл көмір» АҚ «Батыс» разрезінде өрт ошағы ауыздықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда тұтану көздерін толықтай сөндіру және көмірі бар жыныстардың қайта тұтануына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр . Өртті ауыздықтау бойынша барлық шараларға қажетті тау-көлік құралдары мен кәсіпорын мамандары жұмылдырылуда.

Еске салайық, 2019 жылдың 19 тамызында 15:40-та «Шұбаркөл көмір» АҚ «Батыс» разрезінде таудан 450 метр қашықтықта ПК13 көмір ойығында өрт шыққаны тіркелді. 20 тамызда сағат 08:00-де өрт көмірі бар жыныстарда тұтана бастаған. Өрт ошағын ауыздықтау және оны сөндіру бойынша шаралар жүргізілді.


Автор: Агата Мухамеджанова

Жоғары қарай