Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қарағандыда аутист балаларды канистерапия арқылы оңалту қарастырылған

2019 жылдың 2 сәуір 2019 16:30

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық оңалту орталығында ата - аналарға арнайы оқытылған терапевт-иттердің көмегімен емдейтін канистерапияның пайдасы туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір жылда «Үміт» Облыстық оңалту орталығына 200-ге жуық ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар келеді. Мұнда олар тегін дәрігерлік және оңалту көмегін алады. Қарағанды облысында аутистік спектрі бұзылған 200-ден астам бала бар. Олардың жартысы мектеп жасындағы балалар. Өңірде ерекше балаларды оқыту үшін 24 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Биыл Қарағанды мен Теміртау қалаларында тағы 2 оңалту орталығын ашу жоспарлануда.

«Ата-аналарды көбінесе қандай терапия, дәрі-дәрмекті қолдануға болатыны, қандай білім беру терапиясын қолдануға болатыны, тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларды қалай жақсарту керектігі қызықтырады. Бұл отбасыларға олардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін көмек көрсетеміз. Осындай ерекше балаларды қоғамға икемдеуге көмектесеміз», - дейді облыстық «Үміт» оңалту орталығының директоры Айгүл Әубәкірова.



null

Заң талаптарына сәйкес Қарағанды облысында ерекше білім беру қажеттілігі бар барлық балаларға, оның ішінде аутистік спектрі бұзылған балаларға білім алу үшін арнайы жағдайлар жасалған.

Бүгінгі таңда өңірде арнайы 24 білім беру ұйымдарының желісі жұмыс істейді. Оның ішінде:

- 10 арнайы (түзету) мектеп-интернат (Қарағанды қ. - 5, Балқаш-1, Саран-1, Шахтинск-1, Теміртау-2);

- 8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Жезқазған қалалары, Қарқаралы, Осакаров, Жаңаарқа аудандары));

- 1 дамуында проблемалары бар балаларға арналған «Үміт» оңалту орталығы (Қарағанды қ .);

- 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш қалалары).

2018 жылы Қарағанды облысында аутистік спектрі бұзылған 231 бала анықталды. Оның ішінде мектепке дейінгі жастағы - 115, мектеп жасындағы - 122.

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі жалпы білім беретін мектептердің/балабақшалардың штаттық кестесіне педагог-ассистент (тьютор) лауазымын енгізу болып табылады. Алайда аутистік спектрі бұзылған балаларды арнайы біліммен қамтамасыз ету саласы жыл сайын жақсарып, дамып келеді.

Үйде негізінен мінез-құлық (психопатияға ұқсас) бұзушылықтары бар балалар оқытылады. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша олар жеке сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға қатысады.



null

Міндетті талаптардың бірі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету (логопед, дефектолог-мұғалімдер, инклюзивті білім беру үйлестірушісі, психолог, әлеуметтік педагог).

Қарағанды облысының арнайы білім беру ұйымдарында 649 педагог, 29 дәрігер, 45 медбике жұмыс істейді. Оның ішінде дефектологиялық білімі бар педагогтар 82,2% немесе 534 адамды құрайды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін мамандар тегін және ақылы негізде, Алматы, Астана, Қарағанды қалаларында, сондай-ақ республикадан тыс жерлерде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің 2000 педагогтің 705-і инклюзивті тәжірибе мәселелері бойынша, ал 25 педагог аутизм мәселелері бойынша оқыды.

Аймақтың арнайы мекемелерінде аутизмі бар балалармен жұмыс жасауда Психокоррекциялық жұмыстың түрлі әдістері мен әдістемелері қолданылады. Олардың қатарында ойын терапиясы, психодрама элементтері, сенсорлық интеграция әдістері, қимыл-қозғалыс түзету жаттығулары, кинезиологиялық және дене-бағытталған жаттығулар, климаттық емдеу және шынықтыру, емдік дене шынықтыру, массаж және психотерапия, ABA - терапия әдісі, Холдинг-терапия әдісі, арт-терапия, ертегі-терапия, құм терапиясы, дәрі-дәрмектік және физиотерапиялық емдеу және т.б. бар. Дәрістерге тек балалар ғана емес, олардың ата-аналары да тартылады.

Сабақтар мен дәрістер сенсорлық бөлмеде, Монтессори бөлмесінде, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинетінде, психологиялық жеңілдеу кабинетінде өткізіледі.



null

Жыл сайын облыста аутизм мәселесі туралы ақпаратты таратудың Дүниежүзілік күніне арналған іс-шаралар, оның ішінде дөңгелек үстелдер, семинарлар, флеш-мобтар, ата-аналар мен балалардың қатысуымен спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Аутизм және менталдық ауытқулары бар балаларды ерте анықтау үшін осы оқу жылының соңына дейін Қарағандыда 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, Қарағанды және Теміртау қалаларында 2 оңалту орталығы, сондай-ақ Абай және Бұқар Жырау аудандарында түзету кабинеттері ашылады, ал Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында «Болашақ» корпоративтік қорының көмегімен инклюзивті қолдау кабинеттері құрылады деп жоспарлануда.

Жоғары қарай