Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Қарағандыда әртістер әскерилерге маска таратып берді

2020 жылдың 3 сәуір 2020 17:35

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестік ұжымы қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір тұрғындарымен карантиндік шаралардың сақтауын қадағалауға жауапты әскери қызметшілерге маскалар және антисептиктер берді.

Бірлестік жетекшісі Талғат Ыдырысов пандемиямен күресте алдыңғы шепте тұрған әскерилерге олардың еңбегі үшін алғыс білдірді.

«Осындай қиын кезеңде біз шетте қалып қоя алмадық, біздің концерттік бірлестік ұжымы да «Біз біргеміз!» акциясына қатысу туралы шешім қабылдады. Ұлттық гвардияның әскери қызметшілеріне тарату үшін өз қаражатымызға 400 маска және 400 антисептик сатып алдық», - деді Талғат Ыдырысов.









Жоғары қарай