Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Қарағандыда 7 жасар бала ойын алаңында көз жұмды

2019 жылдың 11 маусым 2019 22:22

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда ойын алаңында 7 жасар баланың қайтыс болуына қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 маусымда Қарағанды қаласындағы сауда үйлерінің біріндегі ойын алаңында 7 жасар бала әткеншектен құлап, көз жұмды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлімі «адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бойынша қылмыстық іс тіркелді», - деп түсініктеме берді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталмыш нысанды пайдалану жөніндегі құжаттама алынуда.

Жоғары қарай