Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қарағандыда 12 адам дөнерден уланып, аурухана түсті

2019 жылдың 22 тамыз 2019 18:38

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына 12 адам тамақтан улану белгілерімен түсті. Кейін анықталғандай, науқастардың барлығы дөнер жеген. Қазіргі уақытта сауда нүктесі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында өткір ішек инфекциясы диагнозымен 12 адам жатыр. Олардың арасында он жасар бала да бар. Науқастар дөнер жеген соң мазалары кеткенін айтады. Қазір медицина қызметкерлері зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіп жатыр. Олардың жағдайы жақсарып келеді», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Науқастар дөнер жеген қоғамдық тамақтану орны қаланың қақ ортасында тұр әрі тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл жер қарағандылықтардың арасында өте танымал болғандықтан адамның қарасы үзілмейді.

Оқыс оқиғадан кейін сауда орнының иесі оның жұмысын тоқтатқан. Аталмыш факті туралы Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне мекеме басшысы өзі хабар берген.

«Нысанға қатысты тексеріс басталды. Деректер тиісті процестік шешім қабылдау үшін Полиция департаментіне жіберілді», - деді облыстық департамент өкілдері.

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Оқиға, Аймақ,
Жоғары қарай