Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Қарағанды полицейлері 9-қабаттан секірмек болған келіншекті құтқарды

2019 жылдың 8 қараша 2019 19:41

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Патруль полициясы полкінің қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған қарағандылық азаматшаны құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8 қараша күні 102 телефонына қала тұрғыны хабарласып, Сатыбалдин көшесі, 18-үйдің 9-қабатынан белгісіз азаматшаның секірмек болғанын айтқан.




«Оқиға орынына бірден патруль полициясы полкінің инспекторы, полиция лейтенанты Ерасыл Мұрат пен полиция сержанты Бекзат Омашев мінген 0913 экипажы жіберілді. ​Олар 9 қабатты үйдің шатырынан түсіп, балкон үстінде отырған әйелді байқаған», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметінде.

Қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында лейтенант Ерасыл Мұрат уақытты үнемді пайдаланып, азаматшаның назарын аудару мақсатында әңгімеге тартқан. Бұл кезде полиция кіші сержанты Бекзат Омашев өз өмірін қатерге байлап, үйдің үстінен балконға түсіп, әйелдің суицид жасауына мүмкіндік бермеді. Полиция қызметкерлерінің әйелді құтқару оқиғасын бастан-аяқ көрші үйдің тұрғыны Наталья Айнабекова бақылап, видеоға түсіріп тұрған және полиция қызметкерлеріне хабарласқан да осы кісі екен.




«Мен алғашында үйдің төбесінде жүрген биіктікті ұнататын экстремал деп ойладым. Кейін бейнежазбаны жақындатып көргенімде әйелді байқадым. Бірден ойыма 102 телефонына қоңырау шалу түсті. Полиция қызметкерлеріне өте ризамын. Олар өте жылдам әрі сауатты іс-әрекет жасап, адам өмірін сақтап қалды. Батырлар арамызда жүр екен», - дейді оқиға куәгері.

Полицейлердің айтуынша, 24 жастағы келіншектің бұл әрекетке баруына отбасындағы жанжал себеп болған. Қазіргі уақытта келіншекпен психологтар жұмыс істеуде.







Жоғары қарай