Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.16
EUR 406.18
RUB 5.90
CNY 53.60

Қарағанды облысының көмір разрезінде өрт шықты

2019 жылдың 20 тамыз 2019 21:42

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында «Шұбаркөл көмір» АҚ-ға қарасты разрездердің бірінде тұтанған өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шұбаркөл көмір» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 19 тамыз күні сағат 15.40-та «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның «Батыс» разрезінде геологиялық жарық бойынша +450 м ПК13с таулы көмір ойығында түтін шыққаны тіркелді. 20 тамыз күні сағат 08.00-де түтіндеу процесі көмірі бар тау жыныстарының жануына ұласқан. Қазіргі уақытта өрт ошағын оқшаулау және оны жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Аталмыш ойықта тау-кен жұмыстары жүргізілмейді және екі жылдан бері оның эксплуатациясы тоқтатылған. Оқиға туралы Қарағанды облыстық Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне хабарланды», - деді компаниядан.

Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша комиссия құрылды.

Авторы: Агата Мұхамеджанова

Жоғары қарай