Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Қарағанды облысының қай қалалары бірінші кезекте газдандырылады

2019 жылдың 4 сәуір 2019 20:15 791

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Сарыарқа» магистральды газ құбырын тарту бойынша өңірдегі үш ірі қала - Қарағанды, Жезқазған және Теміртауда газдандыру жобасы әзірленуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде барлығы 120 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр.  

«Облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша біз Жезқазған, Қарағанды және Теміртау бойынша үш үлкен жобаны әзірлейміз. Тек осы қалалар бойынша ғана 1 500 шақырымға жуық құбыр тартылады. Газдандыру бойынша 10 кезек пен 35 іске қосу кешені жоспарлануда. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Құбырларды сатып алуға келісімшарт бойынша жеткізу іске асырылуда», - деп мәлімдеді «КАТЭК» ЖШС Бас директоры Құндыз Нүпов.

Облыстық энергетика басқармасының ақпараты бойынша, қалаларды газдандыру схемалары келісілді. Қарағандыда бірінші кезекте Михайловка ауданының жеке секторын газдандыру жоспарлануда - ол 13 көше, 1 900-ге жуық үй. Теміртауда газдандыру Сарыарқа көшесінен (бұрынғы Степан Разин), Жезқазғанда - Пристанционный көшесі және Талап кентінен басталады.

Газдандырудың басты артықшылығы - экологияны жақсарту.

«Газ ең алдымен халық үшін пайдалы. Екіншіден, шағын және орта бизнес үшін пайдалы, жобаға жергілікті өндірушілер қатыса алады. Және қазірдің өзінде жақсы мысалдар да бар. «Бёмер» қарағандылық кәсіпорны бекіткіш арматураны жеткізуге келісімшарт жасады. «Сарыарқа» ЕЭА аумағында газ жабдықтарын - аспаптар мен есептегіштерді өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыратын жаңа қатысушы тіркелді. Бірақ біз осымен шектеліп қалмай, одан әрі жылжуымыз керек», - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

Өңір басшысы бұл мәселені қазақстандық қамту жөніндегі комиссияда егжей-тегжейлі қарауды тапсырды.

«КАТЭК» басшысы Қазақстан тарихында алғаш рет газ саласында отандық бекіту арматурасы пайдаланылатынын атап өтті. Оның пікірінше, Қарағанды облысында газ жобасындағы қазақстандық қамту жағынан дамыған өнеркәсіп пен мамандардың болуы арқасында үлкен мүмкіндіктер туады.

Қарағанды кәсіпкерлері жобаға құрылыс кезеңінде де, өңірді газдандыру процесінде де қатысуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Олардың айтуынша, жергілікті жерде газ қазандықтары, плиталар, есептеуіштер және басқа да жабдықтар өндірісін ұйымдастыруға болады. Бұл өз кезегінде өңірге қосымша инвестициялар, жаңа жұмыс орындарын, салықтық түсімдерін береді, деп атап өтті жиынға қатысушылар.

Жоғары қарай