Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Қарағанды облысының Экономика басқармасына жаңа басшы келді

2019 жылдың 12 қараша 2019 15:52

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық Экономика басқармасының жаңа басшысы болып Азамат Мұқанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Азамат Мұқанов 1976 жылы Қарағанды облысының Ақтау кентінде дүниеге келген. 1997 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша бітірген. Кәсіби бухгалтер және мемлекеттік аудитор сертификаттары бар.

Еңбек жолын 1997 жылы «Валют-Транзит Банк» ААҚ сауда операциялары басқармасының маманы болып бастаған.

2002 жылы «BELONEX STEEL TRADING« ЖШС директоры, 2006 жылы »НАПЕКО« ЖШС директоры қызметтерін атқарды. 2009 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдарымен министрдің қызметін қамтамасыз ету және байланыс басқармасының бастығы болды.

2009-2012 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2012-2013 жылдары «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бастығы болды. 2014-2016 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ішкі бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде әртүрлі лауазымдарды атқарды. Жаңа тағайындауға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Кадр жұмысы департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Жоғары қарай