Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 361.15
EUR 414.71
RUB 5.53
CNY 52.07

Қарағанды облысында жеңіл көлік темір қоршауды бұзып кетіп, жүргізуші мерт болды

2018 жылдың 21 шілде 2018 08:42 606

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды - Осакаровка трассасымен Астанаға кетіп бара жатқан жолда «Toyota Camry» көлігі жол жиегіндегі темір қоршауды бұзып кетті. Жол апатының салдарынан көлік жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жол апаты 19 шілде күні сағат 16-00-де Қарағанды-Осакаровка автожолының бойында болды. Ошағанды ауылынан 1 км жерде «Toyota Camry» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі алдын ала мәліметтер бойынша, көлікті басқара алмай қалып, металл қоршауға соғылған.

Көліктің қоршауға қатты соғылған, соның салдарынан тіпті қоршау темірлері көлікті тесіп шыққан. Көлікте екі адам болған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақаттарын алған әйел адамды ауруханаға алып кетті.

Аталған жол-көлік оқиғасы сотқа дейінгі тергеу реестріне ҚР ҚК-нің 345 бабы, 3 бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптаулар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

 

 

Жоғары қарай