Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қарағанды облысында «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылады

2019 жылдың 19 шілде 2019 23:23

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 24 шілдеден бастап «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Жас кәсіпкер» білім беру жобасы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаға қатысу арқылы жастар бизнес негіздерін меңгеруге, өз ісін ашуға граттар 200 АЕК (505 мың теңге) бастапқы капитал алуға, жылдық 6%-бен 8000 АЕК-ке дейінгі сомаға жеңілдікті несие алуға мүмкіндік алады, дейді Аймақтық кәсіпкерлер палатасының мамандары.

Оқыту облыстың барлық аудандары мен қалаларында, оның ішінде Қарағанды қаласында да өтеді. Жоба нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде белгілі бір ұғымдар мен құзыреттер шеңберін жүйелендіру үшін тәжірибелік тапсырмаларды, кейстерді, іскерлік ойындарды қолдана отырып, ҰКП әзірлеген материалдар базасында өтпек.

Оқу мерзімі 25 күннен аспайды. Бағдарламаға қатысушыларға стипендия төленеді және оқуды аяқтаған кезде әр қатысушыға сертификат табысталады. Бұл құжаттың көмегімен олар одан әрі грант пен жеңілдетілген несие алуға үміткер бола алады.

Барлық тілек білдірушілер Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасының филиалдарына немесе халықты жұмыспен қамту орталықтарына, сондай-ақ елді мекендердің әкімдіктеріне хабарласа алады. Жобаға қатысу үшін қатысушылар келесі құжаттарды тапсыруы қажет: жеке куәліктің көшірмесі, мекенжай анықтамасы (egov.kz-тен) және жобаға қатысу үшін өтінішті толтыру керек. Сондай-ақ бағдарламаға қатысу үшін 22-23 шілдеде өтетін тестілеуден өту қажет.

Жоғары қарай