Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Қарағанды облысында жас дәрігерлерді тартудың ерекше әдісі қолданылуда

2019 жылдың 15 шілде 2019 22:07

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жас дәрігерлерді тартудың жаңа әдісін ойлап тапты, депр хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Атап айтқанда, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келетін медициналық жоғары оқу орындарының түлектері үшін өз пәтерлерінің дизайны мен жобалауын таңдау мүмкіндігі беріледі.
Болашақ дәрігерлердің таңдауына 3 үйдегі 100 пәтер ұсынылады. Ол үшін Қарқаралыда 28 пәтер, Теміртауда 60 және Қаражалда 12 пәтер бөлінген. Өтініштер барлық мамандардан қабылданады. Алайда басымдық акушер-гинекологтарға, неонатологтарға, инфекционистерге және жалпы практикалық дәрігерлерге беріледі.
«Биылғы жыл - Жастар жылы деп жарияланған соң біз болашақ дәрігерлерге ыңғайлы болу үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отырмыз. Тұрақты жұмыспен қоса түлектерге 100 АЕК көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Және де тағы бір бонус - олар болашақ пәтерлерінің жобалауын өздері таңдайды»,- деп атап өтті Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев.
Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, олардың пәтерлеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде ауылдық дәрігерлерге уақытша баспана жалға беріледі. Өтініш беру үшін аудандық әкімдікке барып, барлық қажетті құжаттарды жинау керек. Өтініштер қаралған соң болашақ дәрігерлер пәтер дизайны мен жобасын ақылдасу үшін әңгімелесуге шақырылады.
Толық ақпараттарды мына +7 747 502 2959, +7 702 253 1155 нөмірі бойынша білуге болады.

Жоғары қарай