Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Қарағанды облысында жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық іс қозғалды

2020 жылдың 25 наурыз 2020 05:32

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бақылайды. Қарағанды облысында коронавирус инфекциясына қатысты жалған ақпарат таратудың төрт фактісі анықталды. Олардың әрқайсысы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы облыстық прокуратурадан мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Прокуратура жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша ірі мөлшердегі айыппұл (5 000 АЕК-ке дейін) немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Мұндай фактілерді анықтау үшін күнделікті БАҚ пен әлеуметтік желілер бақыланады. Құқық қорғау органдары барлық қажетті техникалық мүмкіндіктерге ие және құқық бұзушыларға қатысты заңның талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданады», - деп атап өтілген хабарламада.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирус инфекциясына қатысты жаңа жағдай тіркелген жоқ. Емдеу курсын инфекциялық бөлімнің жабық боксында оқшауланған екі науқас қабылдап жатыр.

366 адам тәулік бойы бақылаудағы карантинде. Бұлар 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. 68 адам үй карантинінде, 357 адам оқшауланусыз медициналық бақылауда.

8000-нан астам нысанда санитарлық-дезинфекция режімі қадағалануда. 15 учаскеде бұзушылық анықталды.

Сотта алты істі қаралды. Кінәлілерге айыппұл салу және қамауға алу туралы әкімшілік жаза қолданылды. Тоғыз нысан облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен жабылды.

Қарқаралы ауданының тұрғыны 58 адамның қатысқан мерекелік шара үшін 5 тәулікке қамауға алынды. Сот оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша кінәлі деп тапты.

Қарағанды облысының жолдарында санитарлық бекеттер ашылды. Ол жерде полиция мен санитарлар бірлесіп жұмыс істейді. Көліктердің қозғалысына ешқандай шектеу жоқ. Барлық кіреберістер мен қаладан шығатын жерлерде жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулығы тексеріледі.


Жоғары қарай