Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Қарағанды облысында шахтадағы өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ

2020 жылдың 16 ақпан 2020 11:19

ШАХТИНСК. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында шахтада тұтанған өрт ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарланғандай, 15 ақпан күні сағат 21.30 шамасында Шахтинск қаласына жақын орналасқан шахтада өрт болды. Жалын 100 метр тереңдікте тұтанған. Шахтада болған 116 адам жер бетіне эвакуацияланды.

Өртті сөндірумен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтері» Республикалық орталық штабы» ЖШС-ның 60 маманы мен 6 техникасы айналысты.

«ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім еткендей, жалын 6 сағаттан кейін сөндірілді.

«100 метр тереңдікте көмір массивінің жарықтарынан жанып жатқан метан ара-тұра атқылап тұрды. ҚР ИИДМ «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтері» Республикалық орталық штабы» ЖШС-ның жүргізген шараларының нәтижесінде жалын 03:40-та өшірілді. Кейін аталған учаскеде көмір массивін суыту жұмыстары жүргізілді. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері нормадан аспайды. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Жоғары қарай