Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қарағанды облысында шахтада қалып қойған 300-ден астам кенші жер бетіне шығарылды

2019 жылдың 30 сәуір 2019 20:46

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Шахан кентіндегі қосалқы станциялардың бірінде жарықтың өшірілуі салдарынан елді мекендегі бірнеше тұрғын үйлер мен кәсіпорындар электр қуатынсыз қалды. Оның ішінде «Тентек» шахтасы да бірнеше сағатқа жарықсыз қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 сәуірде қатты желдің салдарынан Шахан кентіндегі «Қарағанды Жарық» ЖШС қосалқы станциясының шатыры құлады. Шатырдың бір бөлігі қосалқы станциялардың жабдықтарына құлауына байланысты апатты жағдай туындап, жарық өшірілді. Нәтижесінде Шахан кентінің, «СаранКомунСервис» кәсіпорны (Саран қ. сумен қамтамасыз ету), «Тентек» шахтасы мен кенттің тұрғындары жарықсыз қалды. Апаттық жағдай кезінде «Тентек» шахтасында 331 адам жер астында қалып қойды, алайда шахтаның желдеткіші жұмысын тоқтатпаған. Шахта басшылығы қабылдаған шаралардың көмегімен адамдарды басты көлбеу оқпан (шамамен 1,5 км) арқылы шығару жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта барлық кеншілер жер бетіне шықты. Шахан кентінде, «СаранКомунСервис» (Саран қ. сумен жабдықтау) кәсіпорнын электр қуатымен жабдықтау қалпына келтірілді. Қосалқы станциядағы электрқуаты толығымен сағат 22.00-ге дейін қалпына келтіріледі деп күтілуде.

Жоғары қарай