Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 346.68
EUR 404.02
RUB 5.47
CNY 51.15

Қарағанды облысында көп қабатты тұрғын үйден екі бала құлап кетті

2018 жылдың 13 шілде 2018 10:06 363

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының екі қаласында екі бала биіктіктен құлап кетті. Қазіргі таңда олар ауруханада, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД-да хабарлағандай, 12 шілдеде Приозерскіде үлкендердің қарауынсыз қалған үш жасар бала 4-қабаттың балконынан құлап, ауруханаға жеткізілді. Сәтбаевта бірінші қабаттың терезесінен екі жасар бүлдіршін құлап, ауруханаға жеткізілді.

Құтқарушылар ата-аналарды абай болуға және балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. 

 

 

Жоғары қарай